Әкімшілік

Директор

Жоламанов Шалқар Тұрысбекұлы

Мен, Жоламанов Шалқар Тұрысбекұлы 1979 жылы 14 наурызда Семей облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ. Ана тілі - Қазақ тілі, Орыс тілін –еркін меңгергем. 1996 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтына "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2000 жылы Қазақтың мемлекеттік Спорт және туризм академиясын бітіріп 2000 жылғы 16 маусымдағы ЖБ № 0133027 дипломын алдым. "Дене шынықтыру оқытушысы, жаттықтырушы" біліктілігі берілді. 2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетіне "іскерлік әкімшілік жүргізу" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 11.07.2019 жылғы ЖООК-М № 0172036 дипломын алдым. Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.

03.2002 жылдан 01.2015 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы бойынша №1 балалар – жасөспірімдер спорт мектебі" КММ самбо күресі бойынша жаттықтырушы – оқытушы болып жұмыс істеді.

01.2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы бойынша балалар – жасөспірімдер спорт мектебі"КММ директоры болып қызмет атқарамын. Спорттық қызметтегі жалпы өтілім 18 жылды құрайды.

Мектеп жасынан бастап күреспен айналыса бастадым. Мен қазақ күресінен және самбо күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін, сондай-ақ дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері болып табыламын. Дзюдо, самбо және қазақ күресінен ҚР Чемпионаттарының және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегерімін. 2011 жылғы "Қазақстан барысы" турнирінің қола жүлдегері және 2012 жылғы "Қазақстан барысы" турнирінің күміс жүлдегерімін. 2010 жылы қазақ күресінен әлем чемпионы болдым. Самбо күресінен 2000-2003 ж. ж. Азия чемпионы атандым.

2016 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының төрешілер алқасының төрағасы болдым. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының тәртіптік алқасының төрағасы болып табыламын.

Отбасы жағдайы-үйленген. 3 балам бар.

Әйелім - Жоламанова (Ельчубаева) Орынгүл Қайратқызы 1986 жылы 27 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. Үй шаруасындағы әйел.

Қызым - Тұрысбек Ақжан Шалқарқызы 2006 жылы 01 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы № 16 орта мектепте 9 сынып оқушысы.

Ұлым - Тұрысбек Ержәнібек Шалқарұлы 2008 жылы 16 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Семей қаласындағы № 16 орта мектепте 7 сынып оқушысы.

Ұлым - Жоламанов Әлихан Шалқарұлы 2013 жылы 03 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының № 16 орта мектебінің 1 сынып оқушысы.

2016 жылдың 29 қаңтарында "Нұр Отан" партиясына кіріп, №1164399 партия билетін алдым.

Әскери міндеттімін. 2000 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының әскери комиссариатына әскери қызметке шақырылып, Алматы қаласы Бостандық АӘК-де әскери мерзімді қызметі өткердім. 2001 жылы 16 қазанда қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылдым.  

Жұмыс телефоны (факс): 8 7222 77 30 86. Электрондық мекен-жайым: sport_semei@mail.ru

Сотрудники

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Заместитель директора по административно хозяйственной части

Бухгалтер

Дәрігер

Дәрігер

Әдіскер

Әдіскер

Әдіскер

Әдіскер

Әдіскер

Кадр бөлімі

kkҚазақ тілі
ru_RUРусский kkҚазақ тілі